Гостиницы в Алматы
2016-11-09 13:39:19 142 0

Танымал әнші Сәкен Майғазиев Нұржан Керменбаевтың ұлының тұсауын кесті деп хабарлайды NUR.KZ.

Кеше, Нұржан Керменбаевтың ұлы Мүсілім бір жасқа толды. Ол ұлының бұл қуанышын ел шақырып, дүбірлі той жасап атап өтті. Бұл айтулы күні ел алдында "Тұсаукесер" рәсімін өткізді.

Кішкентай Мүсілімнің тұсауын қазақ эстрадасында өзіндік орны бар Сәкен Майғазиев кесті.

"Нұржантай бауырымның ұлы Мүсілім құлыншақтың тұсауын кесу мәртебесі маған бұйырған екен. Алланың сүйікті құлы болғай", - деп жазды әнші желідегі парақшасына.

Нұржанның кішкентай ұлына желі қолданушылары сүйсініп, оның қадамына құтты болсын айтып, ақ тілектерін жаудырды.

Пікір жазу