Гостиницы в Алматы
2017-08-21 12:46:17 1294 0

Сахна төрінде жүрген өнер иелерінің кейбірінің ағалы-інілі, апалы-сіңілі екенін көбісі біле бермейді. Олай болса, назарларыңызға ағайынды өнер иелерін ұсынамыз.

Баян Мақсатқызы мен Бағым Мухитденова – продюсерлігімен танылған Баян Мақсатқызы мен Бағым Мұхитденова да апалы-сіңілілер.

Саксафоншы Ермек Меденовтің әнші Айдана Меденованың ағасы екені де көпшілікке аса таныс емес.

Әділ Ахметов пен Әшім Ахметов – танымал актер Әділ Ахметов пен тарихи фильмдердегі рөлдерімен ерекшеленетін Әшім Ахметовтің де ағайынды екенін көпшілік біле бермейді.

Артур мен Асылхан Төлеповтер – «Жаужүрек мың баладан» өнер жолын бастаған ағалы-інілі Төлеповтер де елімізге жақсы таныс.

Дана Нұржігіт пен Рүстем Нұржігітов - тележүргізуші, журналист Дана Нұржігіт пен әнші Рүстем Нұржігіт те бір отбасыдан шыққан.

Роза Әлқожа мен Әбдіжаппар Әлқожа – сахна жүрегін әсем дауысымен жаулап алған Роза Әлқожаның баулыған інісі Әбдіжаппар да өз тыңдарманы бар әншілердің бірі.

Батыр Байназаров пен Асқар Ахмет - «Ринго» тобы мен «Рензо» тобындағы Батыр мен Асқар да ағайынды өнер жұлдыздарының қатарын толықтырды.

Пікір жазу