Қазақстанның халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаева көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған.
1976—1979 — «Гүлдер» ансамбілінің солисті
1977 — «Гран-при», «С песней по жизни» бүкілодақтық телевизиялық конкурсы
1977 — «Гран-при» Болгариядағы «Золотой Орфей» фестивалі
1977 — «Гран-при», Сопоттағы халықаралық әндер фестивалі, Польша
1983 — «Гран-при» «Гала-83», Куба
1986 — «Гран-при» «Алтын микрофон», Түркия
Сондай-ақ, сопрано дауыс иесі Роза Рымбаева 1977-1979 жылдары «Песня года» фистивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы«Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болған. Әнші қазіргі уақытқа дейін, қазақ сахнасында әсем әндерімен халықты қуантып жүр.
Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Мақпал Жүнісова 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1981 жылы Днепропетровск қаласында өткен бүкілодақтық конкурста гран-при иеленіп КСРО-ның ең үздік әйел әншілерінің үздік ондығы кіріп үлкен танымалдылыққа ие болды. 1996 және 1997 жылы «Азия дауысы» Халықаралық конкурсының 2 дүркін "Гран-при" иегер і атанған. Әнші қазақ сахнасындағы бірегей дауыс иесі болып, халық қошеметіне бөленіп жүр.
2010 жылы "KeshYou" Қырымдағы "Шығыс базары" фестиваліне қатысып, жүлделі бірінші орын алған болатын. Аталған байқауға 42 елдің өнерпаздары бақ сынасқан. Солардың арасынан "Әлия" , "Сүгірдің термесі" әндерін орындаған қазақстандық топ жүлделі орынға лайық деп танылған. Жеңімпаздарға 15 мың доллар сыйақы берілген. Ол кезде топта Мөлдір Әуелбекова, Анель Аринова, Нейля Заитова ән айтқан. Топ продюсері, Баян Есентаеваның сөзіне сүйенсек, байқауда 12 адамнан құралған қазылар алқасы бірауыздан "Кешью" тобына дауыс берген. Негізі топ 2006 жылдың 10 сәуірінде Баян Есентаева және Бағым Мухтденованың қолауымен пайда болды. Ең алғашында топ Маржан, Әнел, Зумрад есімді үш қыздан құралған.
2003 жылы әнші Алтынай Жорабаева "Славян базары" байқауына қатысып, дипломант атанған.
2010 жылы "Superstar kz" тележобасының финалисі Динара Сұлтан "Славян базары" байқауында 3 орын алды.
2014 жылы Татарстанның Қазан қаласында «Turkvision-2014» ән байқауында қазақтың әнші қызы Жанар Дұғалова бас жүлде иегері атанды. Жарысқа 24 мемлекеттің өкілі түсті. Бірінші күн қорытындысы бойынша финалға 12 әнші жолдама алды. Қазақстан атынан қатысқан Жанар Дұғалова жалпы есеп бойынша 3-ші орынға тұрақтады. Финалдық сайыс 21 қараша күні «Татнефть-Аренада» болып, Жанар 225 ұпай жинап, өнер сайысын айқын басымдықпен жеңіп шыққан болатын.
2014 жылы "Славян базары" байқауында "Қазақстан" дауысы жобасының финалисті Мархаба Сәби қатысқан болатын. Ол аталған халықаралық ән додасында 3 орын алды.
2015 жылы Беларусь елінде өткен «Славян базары-2015» байқауында қазақ әншісі Димаш Құдайбреген Гран-при иеленген болатын. Ол бұл байқауды ересектер арасында жеңген алғашқы қазақстандық атанды. Әрі конкурс барысында 3 күн бойы жалпы ұпай көлемі бойынша көш бастаған. Ол симфониялық оркестр сүйемелдеуімен ән шырқады. Сондай-ақ француз тіліндегі әйгілі шығарманы және халық әні «Дәй-дидауды» жаңа әрлеумен жоғары деңгейде орындап шықты. Осылайша Қазақ ұлттық өнер университетінің шәкірті айрықша талантымен ұзынсаны 21 өнерпаздың арасынан топ жарды. «Қазақтың халық әнін бүкіл ТМД мемлекеттері, бүкіл әлем тыңдаса деп армандаушы едім. Енді қуанып тұрмын», - дейді Димаш Құдайберген.
"Славянсий базар" байқауының балалар арасындағы «Витебск-2015» халықаралық ән байқауында Луиза Нұркуатова жеңімпаз атанған. Ол Ақтау қаласының тумасы, жасы 9-да. Талантты қыз 3 жасынан бастап, музыкаме айналысатын көрінеді. Ол ресейлік Валерий Меладзе, Ирина Алегрова, Тамара Гвердцители, Валерий Леонтьев, Григорий Лепс, Дмитрий Маликов танымал әншілердің өзін ерекше дауысы мен сахнадағы өзін еркін ұстауымен таңқалдырған.
2015 жыл қазақ ән өнерінің қоржыны тағы бір жүлделі орынмен толықты. Ол Стамбул қаласында өткен «Turkvision-2015» халықаралық ән додасында қазақстандық "Орда" тобы 2-орын алды. 15 жыл қазақ сахнасында өнер көрсетіп жүрген жігітттер тамаша би мен әннің үлесімділігімен барлық көрерменді таңқалдырған. Олар "Олай емес" әнін орындап, 185 балл жинаған.
Қазақ этно-рок стиліндегі продюсер Қыдырәлі Болмановтың "Ulytau" тобы Голливудта бүкіл əлемдік байқауда бас жүлдені қанжығасына байлап, Еуропадағы беделді сыйлыққа жататын алтын дискті де алған көрінеді.

Пікірлер