Фото: Ержан Жаубай

Қарашаның 3 мен 8-і аралығында Астанада 19-шы кезекті дәстүрлі халықаралық «Шабыт» жастар фестивалі өтті. Бір аптаға созылған дүбірлі додада алты номинация бойынша өтеді: «Бейнелеу өнері», «Хореография», «Халық музыкасы», «Үздік әдеби шығарма» (поэзия), «Классикалық музыка» және «Эстрадалық вокал». Бүгін мәресіне жеткен өнер фестивалінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.
«Шабыт-2016» Халықаралық Жастар фестивалі 19-шы рет өткізіліп отыр. Аталған шара өнер әлемінде маңызды оқиға. «Бейнелеу өнері» номинациясында байқауға қатысуға 192 суретші ниет білдірді. Қазылар алқасы ақылдаса келе үздік еңбекті таңдап алдық» - дейді Қазылар алқасының төрағасы Камил Муллашев.
Қазылар алқасының құрамына әлемнің 15 мемлекетінен, соның ішінде АҚШ, Италия, Израиль, Македония, Мексика, Армения, Қытай, Түркия, Татарстан, Қырғызстан, Украина, Грузия, Моңғолия елдерінен беделді сыншы-өнертанушылар енді.
«Биылғы «Шабыт» фестивалінің ерекшелігі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа-тұс келген өнер додасында Тәуелсіздікті жырлаған ақындар көп. Жас ерекшелігі 33 жасқа дейін шектелгендіктен, бұл ақындардың барлығы дерлік бізге Тәуелсіздік тарту еткен тарландар. Тәуелсіздіктің өз берген жемісі өзін жырлап жатса, қуануымыз керек қой. Сонымен қатар биылғы жыр додасына оқушылар да көптеп қатысты» - дейді «Әдеби шығарма» аталымының Қазылар алқасының төрағасы Несіпбек Айтұлы.
«Шабыт» университетінде өткен марапаттау салатанатында арнайы жүлделер, дипломанттар және 1-ден 3-ші орынға дейінгі жүлдегерлер марапатталды. Ал аталмыш алты номинация бойынша Гран-при иегерлері бүгін кешкі сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін Гала-концертте марапатталатын болады.