Гостиницы в Алматы
2017-06-17 09:15:58 84 0

АСАНӘЛІ ӘШІМОВТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КИНОАПТАЛЫҚ ӨТЕДІ

17-26 маусым аралығында I дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі аясында Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналған киноапталық өтеді.

Бұл жайында тележүргізуші Гүлназ Ауданбаева хабарлады. Ол өз парақшасында: «Асанəлі ағамыз туралы бірнеше ай бойы түсірген деректі фильміміз ертең Астанада өтетін l дүниежүзілік "Астана" театр фестивалі аясында көрсетілетін болды. Алматыға келе салып маған осындай тұлға туралы фильм дайындап сценарий жазу, редакторы болу бақыты бұйырды. Ал оның үлкен фестивальда көрсетуге лайық саналуы одан да үлкен қуаныш. Асанəлі аға "егер маған ұнаса фестивальда көрсетемін, ұнамаса көрсетпейміз" деп еді. Ұлы актер, шебер режиссер - МОЛОДЦЫ,- депті. Демек, мақсатымызға жеттік. Бұл жұмысты үлкен ұжым болып жүзеге асырдық. Маған сенім артқан жоба жетекшісі Анар Жүнісоваға алғыс айтамын. Ал фильмді "АСАНƏЛІ ƏШІМОВ-СЫР ТҰНҒАН АЙСБЕРГ" деп атауды жөн көрдім. Өйткені ол кісінің ізінен қалмай сұхбат алып жүріп (өзі айтпақшы "сұрамаған затың қалмады, бəрін біліп алдың" дегеніндей) Асекеңнің нағыз "Айсберг" екенін түсіндім. Оның кейпі айсбергтей сұсты болғанымен бар сыры ішінде. Айсберг ерісе ағыл-тегіл су болып іштегі шері игертпеуі мүмкін. Сол үшін ол сырын ішіне бүгеді. Мен осындай Асанəліні таныдым. СҰСТЫ ДА ЖЫЛЫ... Сырын ішіне бүккені менің папамды еске салады»,- деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазақфильм" киностудиясының бастамасымен жарық көретін туындыны сіз де барып көрсеңіз болады. Өтетін жері - "Сарыарқа" ойын-сауық орталығы. 17 маусым Кинопарк 8. 3-кинозал. Сағат 11:00-де.

Пікір жазу