Гостиницы в Алматы
2017-06-17 10:01:45 69 0

ТАЙГУНГТЕ ӨТКЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТӨРТ МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Тайчунгте (Тайпей) жасөспірімдер арасында еркін күрестен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні еліміздің қоржыны 4 медальмен толықты. Атап айтқанда 3 қола және 1 күміс.

Турнир грек-рим стилінде басталды. 66 келі салмақ дәрежесіндегі Мерей Бекенов ел намысын қорғап, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ал 55 келі салмақта Ернұр Фидахметов қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ 84 келідегі Санжар Темірбек пен 96 келі салмақ дәрежесіндегі Олжас Сырлыбай да қола жүлдені еншіледі.

Пікір жазу