Гостиницы в Алматы
2014-08-18 09:39:07 409 0

Өткен ғасырда Еуропада ақылды, сәніне салтанаты сай әйелдер аз болмады. Олардың көпшілігі әлемге танылып, аттары аңызға айналды. Әсіресе өзіндік ерекшелігімен сән әлемін дүр сілкіндіргендер баршылық. Олардың көпшілігі күні бүгінге дейін сән әлемінде үлкен құрметпен еске алынады.

Солардың бірі талантты ғана емес жан жүрегінің жылулығымен де ел есінде қалған Одри Хепберн болатын.

Одри Хепбернді өткен ғасырдың нағыз сұлу әйелі деп атауға болады.  Оның үлкен сахнаға қоса адам баласын жаулаған ақылы мен алған бетінен қайтпайтын қайсарлығы, еңбексүйгіштігі таңғалдырарлық еді. Әлемге танымал болған Юбер де Живанши бірде: «Қымбатты Одри, сіздің сыртқы сұлулығыңыздан гөрі ақылыңыз бен жан дүниеңіз нәзігірек» – деген  екен. Одри 1929 жылы 4 мамырда Брюсель маңындағы Иксельде дүниеге келген. Ата-анасы ажырасқаннан кейін Брюсельде анасымен бірге тұрады. 10 жасында оқу үшін Англиядағы Кент қаласына кетіп, екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда мектепті тастап анасына баруға тура келеді.

Одри Хепберн алғашқы рөлін «Бауы бар бәтеңке» мюзикілінде ойнады. Одри Хепберннің өмірінде оны құлай сүйген ер-азаматтар көп болған. «Парамаунт» студиясы оған «Рим демалыстары» фильмінде алғаш басты рөлді ойнауға шақырады. Осы рөл арқылы ең үздік әйел бейнесі үшін «Оскарды»  алды. Басты кейіпкер ханшайымның серіктесі атышулы Грегори Пек болатын.

«Рим демалыстарынан» кейін Одри Хепберн көптеген әйгілі фильмдерде ойнайды. «Сабрина», «Монахиня оқиғалары», «Тиффанидегі таңғы ас» және «Кеш болғанша күт», т.б.

Атақты модельер Юбер де Живанши үшін Одри Хепберн музаға айналған болатын. Живанши қырық жылдан астам уақыт тек Одри  үшін киім үлгілері мен иіс сулар шығарып келді. Талай жылдар өтсе де, музаға айналған иіссулар әлі күнге дейін адамзаттың басын айналдырып келеді.

60 жылдардағы стильдің төресі өзінің қиын балалық шағын даңқ биігіне шыққан кезде де ұмытқан жоқ. Ол қыздарға: «ерінің әдемі көрінсін десең, жақсы сөз айт, тұлғам сымбатты болсын десең, аш адамдармен тамағыңды бөліс, көзің сұлу болу үшін мейірімен қара» – деген мәтелге айналып кеткен ақылын айтты. Өз өмірінде осы сөздерді іс жүзінде дәлелдей алды.

Мейірімді жан өзі сырқаттанып жүрсе де, кішкентай балаларға көп көмек қолын созып тұратын болған.  Әртіс ЮНИСЕФ-пен бірігіп, әлемде ізгілік пен қайырымдылық шуағын шашуға тырысты. Осы еңбегін бағалаған Америка президенті Джордж Буш 1992 жылы ЮНИСЕФ аясында еткен еңбегі үшін  Президент медалімн марапаттады. Ал Америка кинөнер академиясы Гуманитарлық сыйлықпен марапаттады, бірақ көзі тірісінде емес. Сыйлықты әртістің баласына салтанатты түрде табыс етті. Әйелдің қолынан көп нәрсе келеді. Мейірім мен сұлулық бойынан табыла білген Одридің өмірі кімге болса да өнеге.

Пікір жазу