Гостиницы в Алматы
2017-06-10 10:28:35 143 0

Қазақ  тағатсыз күткен "ЕХРО-2017" көрмесі ашылды. Сарыарқаның төрінде 19 мемлекет басшысының қатысуымен көрменің ресми ашылу салтанаты өтті.ЕХРО-2017 кешенінде 155 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымның павильондары жайғасқан. Үш айдың ішінде маңызды шараны тамашалауға 5 млн адам келеді деп жоспарланып отыр. Шара барысында Қазақстанның Мемлекеттік туы мен Халықаралық бюролар көрмесінің туы шығарылып, еліміздің және бұл ұйымның әнұрандары орындалды. Содан кейін ЕХРО-ға қатысатын 115 мемлекеттің және 22 халықаралық ұйымның байрақтары сахнаның ортасынан орын тапты.

Көркі көз тартар ЕХРО қалашығына ең бірінші болып Чехия Республикасының Президенті Милош Земан өзінің жұбайы Ивана Земановамен бірге келді. Артынша Люксембург, Қырғызстан, Армения, Өзбекстан және басқа да мемлекеттердің басшылары ат басын бұрды. Мәртебелі меймандарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алды. Бұл жайында "Хабар 24" хабарлады.

Бес жыл бойы бүкіл қазақ елі күткен «Астана ЭКСПО-2017» – қай елде өтсе де танымалдылығы жағынан ең ауқымды шаралармен тең тұратын маңызды оқиға. Мұнда тек ғалымдар мен мемлекет басшылары ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылады.

Пікір жазу