Гостиницы в Алматы
2017-06-10 10:11:28 100 0

Әртістер арасындағы Әлем чемпионатында еліміздің атынан шыққан «Алатау» жұлдыздар құрамасы жартылай финалда "Сербия" командасын 3:1 есебімен ұтып, финалға жолдама алды.

Айта кетейік, жұлдызды топ осыған дейін, «Аргентина», «Түркия», «Румыния» командаларын шаң қаптырған болатын.

ЭКСПО-ның ашылуымен тұспа-тұс келген жеңістерін "Алатаулықтар" қазақ еліне арнайтындарын айтты.

“Бұл – қазақ елінің жеңісі. Баршаларыңызды құттықтаймыз, финалда да ел үмітін ақтауға тырысамыз”, – деді әнші Рысбек Аташ.

Ал актер Әділ Ахметов болс:“Европалықтардың алаңдағы да алаң сыртындағы да құйтырқы әрекеттеріне берілмей , жігіттік мінездерімен байсалдылық танытып, жеңімпаз атанды. Барша тілеулес жандарға көптен-көп раxмет! Алға Қазақстан!” – деді.

Пікір жазу