Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жек 12 раундқа созылуы мүмкін екендігін түсіндіріп берді.
«Головкин қазір нағыз бабында. Бұл оның жүріс-тұрысынан-ақ байқалып тұр. Дегенмен, алдағы айқас ол үшін оңай болады деп айтпас едім. Джейкобс та тәжірибесі зор, мықты боксшы. Меніңше, бұл жекпе-жекте бәрі Генаның айқасты қалай бастағанына және оған қарсыласының қалай жауап бергеніне байланысты болмақ. Бәрін де бір соққы шешіп кетуі мүмкін. Сондай-ақ, жекпе-жек 12 раундқа созылып, соңында жерлесіміз төрешілердің шешімімен жеңіске жетуі де ғажап емес. Неде болса, оған сәттілік тілеймін! Бұйырып жатса, Нью-Йоркке барып, оған жанкүйер боламын», – деді Сойлыбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен америкалық Дэниел Джейкобс арасындағы айқас 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. Ал өз кезегінде Бекманды 10 наурыз күні Тустиндегі жекпе-жек күтіп тұр. Қарсыласы – мексикалық Герман Мераз.
Ақпарат: vesti.kz