Гостиницы в Алматы
2014-07-03 11:03:01 1183 0

Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын. Кәмшат бөрік ақ тамақ, қара қасты Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?  – деп Абай атамыз айтқандай әр нәрсеге мән бере қараған халқымыз сұлудың көркі-шаш, шаштың көркі шаштеңге деп есептеген. Ұлт  мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен бойына қарап жоғары бағалаған. Осыған байланысты әдет-ғұрыптар мен тыйымдарды үлкендер жас қыздарға ұқтырып отырған. Шашыңды отқа тастама, шашыңды жайма, шашыңды қыима деген тыиымдар, шашың кесілсін деген қарғыс бар. "Шашыңды кессең-бақытыңды кескенің",-деп ырымдаған. Халқымыздың қылмыс заңында да шаш туралы бірнеше бап бар. Егер әйелдер қылмыс жасаса, олардың шашын кесіп жазалаған. Бұл әйелдер үшін өлім жазасымен тең қаралған. Ал, шаштың ұшын қиған қыздарға шапалақ берілген. Демек әйелдерге тән шаш бағасы мен құнын халқымыз ерте білген.    Шаш күтімі, оны тарау, өсіру, өру үлкен бір тәрбие мектебі. "Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген" келіншектердің әсем жүрісіне үн қосып, ару сыны сымбатын одан әрі ажарлай түседі. Мұндай сұлуды қазақтар "Сыңғырлаған күлкісіне сылдырлаған шолпысы үн қосады" деп ардақтаған. Шолпының күміс, алтын теңгелерден тізбелеп жасаған түрі-шаштеңге. Шолпы мен шаштеңге шашбауға немесе бұрымның ұшына байланады. Тәжірибелі халық шолпы таққан қыздардың басы ауырмайды, шашы ұзын әрі сұлу, берік болып өседі, ерте түспейді  деп жорамалдаған. Шолпы шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмейді. Өйткені күміс сыңғыры айтып қояды.

Қыздарға Алтыншаш, Сұлушаш, Шолпы деп ат қоюдың өзі шаш қасиетін көрсетеді. Жеңгелер қайын сіңлілеріне ат қойғанда Шаштеңгелім, Сырғалым деп созылуында да сұлу сыр жатыр.

Шашты тек сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, ол әйелдер қауымының, яғни Хауа анамыз бен Бибі Фатима анамыздан бастап берілген алланың айрықша сыйы, құрметі, сәні, еншісі.  Сондықтан  сұлу шаштың қадірін білейік.  Шашты жастай қидырып, бұйралап, күйдірудің қажеті жоқ. Одан шаш сиректеп, тіпті түсіп қалады. Ұзын шаш – сіздің ерекшелігіңіз, сіздің мақтанышыңыз.

Пікір жазу