"ZHANDAUS" продюсерлік орталығының негізгі мақсаты - өнер жолында бұрыннан жүргенмен, насихат жетіспейтін әншілер мен Елордалық жас орындаушыладың шығармашылығын елге кеңінен таныту. Аталған орталық құрамына қазір алты жоба кіреді. Әр жобаның өз бағыты бар.
"ҚАМАРСҰЛУ" – негізінен халық және халық композиторларының әндерін орындайды. Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші Жазира Байырбекованың туған әпкесі.
Ринат Малцагов – әнсүйер қауымға "superstar.kz" жобасы арқылы танылып, "Перцы" тобының құрамында өнер көрсеткен. Бүгінде Астаналық жеке орындаушы ретінде сахнаға шығып жүр.
«Smoky Eyes» - Астаналық GIRLS BAND. Қазіргі қазақ эстрадасындағы жалғыз квинтет. Топ құрамы: Вероника Жангалова, Әсел Ташарова, Әсел Бертаева, Карина Садықова, Диляра Темірбекова.
Сара Исак – түрлі жанрда, бірнеше тілде ән шырқайды. Ыстамбұлда білім алған, он жыл Түркияда тұрған.
«Сұлтаным» дуэті – қазақ эстрадасында бұрын-соңды болмаған дуэт. Ақерке, Назерке есімді егіз қыздардан құралған топ.
Нина – саксофонда өзі ойнап, әнді өзі орындайтын бойжеткен. Репертуары негізінен қазақ тіліндегі туындылардан тұратын орыс қызы.
Тұсауы кесілетін бейнебаяндар Астанада, Алматыда Бали аралдарында, Ыстамбұлда және Ташкентте түсірілген.
Шақыру билетімен қоса арнайы жасалып, есімдері ойылып жазылған домбыра сыйға алған кеш қонақтары «ZHANDAUS» продюсерлік орталығын өнер әлеміне басқан алғашқы қадамымен құттықтап, мәдениет саласына үлкен үлес қосатын орталыққа айналады деген үміт білдірді.
Кеште продюсерлік орталықтық жобалары жанды дауыста ән шырқан, Игорь Гуляев сән үйінің, «TARIKEDIZ» бутигінің және «BRIDE ROOM» той салонының жаңа топтамаларының көрсетілімі болды.