Гостиницы в Алматы
2017-02-23 13:03:38 19 0

Атырау облысында 25-26 ақпан күндері жекпе-жектен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сайысқа Қазақстанның әр өңірінен 200-ден астам спортшы қатысады.

Байрақты бәсекеде ерлер - 10, ал әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Жеңіске жеткен спортшылар ЭКСПО қарсаңында Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Сонымен қатар топ жарған жекпе-жекшілерге спорт шебері атағы берілетін болады.

Сайыс «Атырау» дене шынықтыру нысанында өтеді.

 

Пікір жазу