Гостиницы в Алматы
2017-06-23 10:52:09 34 0

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Бағдат Сәмединова: «қазіргі ер азаматтар өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезіне білмейді»,- деді. Бұл жайында “Әйел бақыты” бағдарламасының "Өзім - еркек, өзім - әйел" санында айтылды.

“Ер адамның өз міндетін білмеуіне қатысты көп әңгіме қозғалады. Бірақ, бұдан еш нәтиже жоқ. Қазір заман солай болып келе жатыр. Ер азаматтар өзінің жауапкершілігін аз сезінеді. Бәрі сыртқа, жан-жаққа қарайды. Артынша бәрінде осындай жағдай болып жатқанына көз жеткізеді. Іштей “Маған неге олай жасамасқа?” деп ойлайды. Бұдан өзге керемет жалқаулықтары бар. Көп ұрыс-керіс осыдан бастау алады. Кей азамат, тіпті, әйелінің базарда ыстыққа күйіп, суыққа тоңып тұрып тапқан табысын өзіне жаратады. Мұндайда ар-ұят мәселесін шетке ысырып қояды. Біздің үлкен кісілеріміз “Өз әйеліңді асырай алмасаң, несіне үйленесің?!” деп айтып отырады”, – дейді әнші.

Сондай-ақ бағдарлама барысында қойылған сұрақтан соң, өз сөзін «Үлкен кісілер ер адамдарға өздерінің міндеті туралы көбірек айтып отыратын. Кішкене болсын, ұят пен жауапкершілік болушы еді. Егер сөзінің салмағы бар кісілер ескерту айтып отырса, ер азаматтар мұндай іске бармайды. Ал қазір мүлдем ұялмайды. Құдды дүкенге бара жатқандай. Қыздар да “Үйленсек, үйленерміз. Үйленбесек, бір бала туған соң ажырасып кетерміз” деп жатады. Меніңше, ылғи кінәні әйелге жаба берген дұрыс емес. Ол бейшара не істей алады? Еркегі ақшасын тауып беріп, өзін алақанына салып аялап отырса, ол қайда кетеді? Сол үйдің баласына қарап, күйеуін мәпелеп отырады емес пе?!” – деп толықтырды.

Пікір жазу