Гостиницы в Алматы
2017-06-21 10:20:47 35 0

«Анаға апарар жол» фильмі Нью-Йоркте өткен байқауда «Ең үздік деректі фильм» атанды. Ал фильм продюсері Әлия Назарбаева «Кинодағы Евразиялық әйел» марапатына ие болды. Сондай-ақ  басты рөлді сомдаған Алтынай Нөгербек «Ең үздік әртіс» атағын иеленді.

Айта кетейік, «Анаға апарар жол» картинасының негізгі сюжеті ана махаббатының қуатты күшінен бастау алады. Осынау құдіретті күштің арқасында кейіпкер үйіне барар жолда кездескен ауыр қинышылықтарды жеңіп шығады. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халықының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар. Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді. Фильм өмірлік құндылықтардың мәні мен тіршіліктегі құбылыстарға өзгеше көзқараспен қарауға жол сілтейді.

Пікір жазу