Гостиницы в Алматы
2017-04-19 17:38:56 80 0

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы Балуан Шолақ туралы  көркем фильм түсірмек. Бұл жайында kinostan.kz сайты жариялады.

Жоба М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахналанған «Жаужүрек» пьесасының желісі бойынша жазылған Дулат Исабековтің сценарийіне негізделген.

Фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсіріледі.

Қазіргі таңда түсірілім тобы толықтай жасақталды. Фильмге қажетті киімдер, реквизиттер мен декорациялар әзірленуде. Түсірілім жұмыстары Алматы облысында  және Солтүстік Қазақстан облысында өтеді.

Фильмнің режиссері Нұргелді Садығұлов. Ол "Түркістан", "Абай", "Исабеков әлемі" деректі фильмдерімен және "Кредитке махаббат" көркем фильмімен, "Біздің ауыл – во!" сериалымен белгілі.

Балуан Шолақ туралы картинаның сценарийі бірнеше жыл бойы жазылған және қайта өңделген. Түсірілім тобы фильмнің сапалы шығуы мақсатында кеңесшілерді тартты. Актерлік құрам жасақталғанымен, режиссер олардың есімін жария етпеді.

 

Нұрмағанбет Баймырзаұлы, Балуан Шолақ (1864-1919) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпаз, балуан.

 

Пікір жазу