Гостиницы в Алматы
2017-01-09 15:04:32 639 1

Баян Есентаева жайлы қызықты 7 дерек

Бүгін продюсер Баян Есентаеваның туған күні.

Танымал продюсер, тележүргізуші, актриса Баян Есентаева  1974 жылы Орал қаласында 9 қаңтарда дүниеге келген. Кішкентай күнінен актриса болуды армандаған, алайда анасы оған қарсы болады. Анасы Баянның мұғалім болғанын қалайды.  Баян ата-анасының қалауымен мұғалімдік оқуға түседі. Бірақ, үш жылдан соң ата-анасына айтпай, құжаттарын алып, театр институтының кино факультетіне түседі. Ата-анасына бұл шындықты жарты жылдан соң айтады. Баян Есентаеваны театр институтында оқып жүрген кездің өзінде «Махаббат станциясы» атты фильмге басты рөлде ойнауға шақырады. Фильм 1993 жылы жарық көреді. Сол кезде 18 жасар Баянды бүкіл Қазақстан таниды.

Актриса болу арманы орындалған Баян Мақсатқызы өзін журналистика саласында сынап көрмекші болып, ҚазҰУ журналистика факультетіне түседі. Жеті жыл журналист болып жұмыс атқарады. Сонымен қатар,  өзін әнші ретінде де сынап көрген. «Азия даусы», «Жас қанат» секілді байқауларға қатысқан. Қазір Баян Есентаева — атақты продюсер. "Kesh You", "Лашын", Жанар Дұғалова сынды танымал  жобалары бар. Сондай-ақ, "Ғашық жүрек", "Ғашық жүрек-2" "Осторожно, корова!"  киноларының да продюсері.

Біз де жан-жақты талантты Баян Мақсатқызын бүгінгі туған күнімен құттықтаймыз. Шығармашылық табыстар мен мол бақыт тілейміз!

Осы орайда Baistars сайты  Баян Есентаева туралы қызықты 7 деректі ұсынады:

1. Ең алғашқы түсірген бейнебаяны - "Азбука любви".  Баян  алғашында  ән айтып , "Азия даусы", "Жас қанат" байқауларында бағын сынап көрген. Алайда ең алғашқы бейнебаянын 2009 жылы "Lafala"  тобымен "Азбука любви" әніне түсірген. 

2. Телеарнадағы қызметін "Тан" арнасынан бастаған. Алғашқы жүргізген бағдарламасы - "Желтый салон".  "Тан" арнасына жұмысқа қабылданғанға дейін бірнеше жерде жұмыс істеген. 2008 жылы "Тан" арнасына жұмысқа қабылданып, ең алғаш өзін тележүргізуші ретінде "Желтый салон" бағдарламасында сынаған.

3. Туған жері Оралдан Алматыға кетуіне жауапсыз махаббат себепкер болған. Оралда жүргенде бір жігітке қатты ғашық болған. Алайда жауапсыз махаббаттың әсерінен Алматыға кетуге нақты бел буған.

молодая Баян Есентаева в фильме Станция любви

4. Университеттен 3 рет шығарып жіберген. Оқып жүргенде басқа қыздардың тарапынан көптеген кері әсерлер тиген. Осының салдарынан 3 рет оқу орнынан шығарылған. Кейіннен қайта қабылданған.

10904844_627478704040790_1314812197_n

5. Баянға сіңлісі Бағым Мухитденова продюсер болуды ұсынбағанда, әншілігін  жалғастыруы мүмкін еді. Ең алғаш сіңлісінің ұсынысына Баян мән бермеген. Екінші рет айтқанда, ойланып, егер 1 күн ішінде қаражат тапса, продюсерлікті қолға алатынын айтқан және керекті ақшаны сол күнде тауып, жаңа істі қолға алған. Қазір танымал продюсер.

есентаева

6. Жарын анасы таңдапты. Анасы бірінші көрген кезден қызына лайықты екенін түсінген. Баян анасының таңдауына қарсылық көрсетпей, келіскен. 

муж Баян Есентаевой фото

7.  Продюсерлікті қолға алған кезде тек қыздармен жұмыс істеген. 

W-a8QiwH_BE

Пікірлер

  • 2017-01-10 00:55:11
    ески гой

Пікір жазу