Гостиницы в Алматы
2017-01-04 13:00:11 49 0

Boxingnews24.com басылымның сарапшысы Дэн Эмброуз Флойд Мейвезердің Головкин туралы айтқан сөзіне жауап берді деп хабарлайды Vesti.kz

Бұған дейін Флойд Мейвезер Сауль "Канело" Альварес Геннадий Головкинді нокаутпен жеңеді деп айтқан еді. Тіпті, қазақстандық боксшыны нокаутқа жіберу үшін көп уақыт қажет емес екенін де мәлімдеген болатын. Мейвезердің айтуынша, Канело егер қаласа кезкелген уақытта Головкинмен рингке шығуға дайын.

"Кейбір бокс жанкүйерлері Мейвезердің сөзінен кейін расымен де Сауль Альваресті мықты спортшы деп ойлап қалды. Бірақ, соңғы екі жылда біз Канело-Головкин жекпе-жегін көрген жоқпыз. Ал мексикалық боксшы, тіпті, 2015 жылы Головкинмен рингке шығудан бас тартып, белбеуін алдырып қойды.

Канелоның промоутерлеріне "қашан кездесу ұйымдастырылады?" деп сұра қойсаң, олар "әлі уақыт келмеді" деп жауап берді. Егер қазір болмаса, қашан? Жуық арада Головкиннің жасы 35-ке келеді. Онда көпшілік оны "кәрі" деп есептей бастады. Бірақ, сонда да ол жақсы айқаса алады. Мысалы, Головкиннің Келл Брукпен болған соңғы кездесуінде ол бірнеше ауыр соққылар жіберіп алды. Оның соққысында проблема жоқ, проблема - қорғаныста.

Мейвезер айтқандай болса, Канело баяғыда Головкинмен шығатын еді. Бірақ, ол қашып жүр. Фанаттардың барлығы осылай ойлайды. Немесе, уақытты созып, Головкиннің қартайып, әлсіреген кезін күтіп жүр. Бірақ, жанкүйерлер Канело-Головкин жекпе-жегін қазақстандықтың жас әрі күшті кезінде көргісі келеді",-деді Дэн Эмброуз.

Канело 2015 жылы ұсынысты қабылдамағаны үшін чемпиондық белбеуін алдырып қойды. Головкин-Канело кездесуі 2017 жылдың соңына қарай ұйымдастырылуы мүмкін.

Пікір жазу