Қытайда өткен «I am singer» жобасының қатысушылары тыңдармандарын тағы да бір рет қуантпақ. Олар бүгін гала-концертте өнер көрсетеді.
Димаш Құдайберген концертте жаңа ән орындайды. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
“Бүгін Singer тікелей эфирінің Гала концерті. Астана уақыты 20:00-де Бейжің уақытымен 22:00-де Hunan TV арнасында Мұнайдар Баймолданың сөзіне жазылған сазгер Айгүл Бажанованың “Махаббат бер маған” атты əнін орындаймын. Тұсаукесер! Кешкілік эфирде кездескенше!” – дейді Димаш. Димаши орындайтын «Махаббат бер маған» өлеңінің әнін: Айгүл Бажанова, сөзін: Мұнайдар Балмолда жазған.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген аталмыш жобаның екінші орын жеңімпазы.