Гостиницы в Алматы
2017-06-19 12:06:18 126 0

БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА ЕКІНШІ ӘЙЕЛ АЛАТЫН АЗАМАТТАРДЫ АЙЫПТАДЫ

Қазіргі уақытта бірінші әйелін балаларымен тастап, жас әйелдің жетегінде кететін ер-азаматтар саны артты. Бұл қатардан танымал тұлғалар да кенде қалып отырған жоқ.

Осы жайтқа қатысты пікірін Бибігүл Төлегенова «Ел аузында» бағдарламасында айтты.  «Қазақ байыса қатын алады, өзбек байыса үй салады дейді. Сол сияқты біздің қазақтың жігіттері байыса, бұрынғы 4-5 бала туған әйелі оған керек болмай қалады. Оған жасырақ керек, кішкене әдемі болу керек. 1-2 бала туғаннан кейін оның кім болатынын ойламайды», – дейді халық әртісі.

«Анамыз 7 баламен 25 жасында қалды, далада қалды. Әкеміз 1937 жылы атылып кеткеннен кейін, бізді далаға қуып шықты. Күзде тізеге дейін қар түскенде біз анамызбен сүйретіліп Қатон-Қарағайдан Семейге келдік. Анамыз өте көп қиыншылық көрді.

Ал енді өзімнің жеке өмірімде де бағым ашылған жоқ. Үш баламен жалғыз қалдым, сол үш баланы жалғыз өзім көтердім. Не істесем де, әйтеуір жұмыс істедім, асырадым, өсірдім. Сол балалардың бәрін көтердім, бәрі де білім алды. Сондықтан балаларын тастап кеткен жас келіншектерді ойлаймын, әуелі тақымын қысып отыру керек қой», – дейді бұлбұл әнші.

Пікір жазу