Гостиницы в Алматы
2017-06-19 18:16:58 96 0

«NINETY ONE» ТОБЫ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА ӨЗДЕРІ ЖАЙЛЫ ФИЛЬМДІ ҰСЫНАДЫ

Жуырда «Ninety one» тобы тыңдармандарын қуантып, оларға өздері туралы түсірілген фильмдерін ұсынбақ. Топтың 6 айдан бері еңбегінің нәтижесін қыркүйекте тамашалай аласыздар. Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

“Осыдан екі күн бұрын біздің фильмнің түсірілімі бітті. Алдағы қыркүйек айында 91 тобының бастарынан өткен шынайы оқиғаларын көре аласыздар”, – дейді ZAQ.

Топ жаңа түсірілген фильмдерінде өздерінің ән айту бағыттарын кеңірек баяндайтын болады. Сонымен қатар, екі жыл ішінде басынан өткен қиындықтарын да көрсетеді. Ninety one тобы фильмдерінде тыңдармандарын да ұмытпаған. Есболат Беделханның келіншегі Асыл ханым топтың тыңдармандарының саны 50 мыңға жеткенін айтып жатыр.

Пікір жазу