Гостиницы в Алматы
2017-02-04 21:29:27 6138 9

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдың Hunan TV арнасындағы "Singer" жобасының үшінші кезеңінде өнер көрсетіп, атақты Queen тобының "The Show Must Go On" әнін орындады.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Minnanwang порталы Димаш Құдайбергенов 3-кезеңде үшінші орын алды деп ақпарат таратқан болатын. Бірінші орынды Тан Жиң есімді әнші алды, ал екінші орын қытай әртісі Жао Лейге бұйырды.

Жалпы есепте Димаш бірінші орында тұр.

28 қаңтар күні Димаш Қытайдың Hunan TV арнасында тікелей эфир арқылы "Singer" жобасы аясында "Опера №2" әнін айтып, кезең бойынша бірінші орын алған еді.

Алғашқы кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.

"Singer" жобасының көрсетілім кестесі туралы осы сілтемеден біле аласыздар.

"The Show must go on" (қазақша: "Шоу жалғасуы тиіс") - Innuendo альбомында жарияланған британдық Queen рок-тобының ең танымал әндерінің бірі. Туынды рок-музыка бағытындағы ең атақты шығармалардың бірі болып есептеледі.

Пікірлер

  • Феруза
    Димаш алға , қазақтың матанатын ұлысын , бір алла қолдап жұрсын , сенімен мақтанып шаттанып отырмын !!!
  • Кеншилик Досмагамбетова
    Ботам соллллл, керемет орындау.....неге 3ши орын берди екен.? Соган кынжылып отырмын....АЛГА АЛГА АЛГА АЛГА АЛГА АЛГА АЛГА, ДИМАШ! ! !
  • Жюри
    Молодец. Тек қана алға
  • Турсынбаева Алия
    Жарайсың
  • Димаш жарайсың тек қана алға. Тіл көзден аулақ.
  • Алима Абилова
    Кытай халккын таң калдырган Диммаш нагыз әнші.жарадын..ТЕК АЛГА.
  • Алла тiл көзден сақтасын! Алға, жарайсың,
  • Димаш мен сенимен мактанам! Сенин казак болганын ушин мактанам! Казактын дарындылыгын букил алемге тагы да далелдегенин ушин мактанам!
  • Молодец Димаш

Пікір жазу