Гостиницы в Алматы
2017-06-22 10:06:28 42 0

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин карьерасын аяқтау туралы пікірін айтты. Бұл жайында vesti.kz  хабарлады. Қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек спорт жолында соңғы кездесуі болуы мүмкін екенін жасырмады. "Жекпе-жектен кейін аяқтауым мүмкін. Бірақ жалғастыруым да бек мүмкін. Жағдайым жақсы. 35-темін, бірақ әлі де 25 жастағы жігіт сезінемін. Бұл бокс, футбол емес. Бұл ойын емес, шайқас, әрбір шайқас күрделі", - деді Головкин BoxingScene басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, қос боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Пікір жазу