Гостиницы в Алматы
2017-04-18 15:40:51 16 0

Атақты әнші, композитор Марат Омаровтың биыл ән әлемінде жүргеніне 30 жылдың жүзі болыпты. Осыған орай, әнші өзінің халқы сүйген авторлық әндерінен кеш жасамақшы. 4 мамыр күні, халық әртісінің концерті  Алматы қаласында Республика сарайында өтеді. 

 

ҚР Халық әртісі, Қазақстан композиторлар одағының және Лос-Анджелес қаласындағы "FIDOF" әлемдік композиторлар ассоциациясының мүшесі, "Талант" өнер орталығының директоры, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Марат Әбдіұлының жеке кешінде көптеген жұлдыздар өнер көрсетпек. Атап айтар болсақ, «Музарт» тобы, Жанболат пен Жазира,  Мирас пен Құралай, Алтынай Жорабаева, Қайрат Нұртас, Нұржан Керменбаев, т.б әншілер әннен шашу шашады

Пікір жазу