Бірінші таймда "Қайрат" пен "Скендербеу" гол соға алмады. Бастапқыда алаң иелері басым болған, алайда қонақтар жағдайды теңестірсе де гол соғатын мүмкіндік болмады. Екінші таймда "Скендербеу" жеңісті қолдан бермеді. 58-минутта соғылған шешуші голдың авторы албандардың жартылай қорғаушысы Сабиен Лиляй болды, ол тринидадтық қорғаушы Шелдон Батоның қателігін өз пайдасына асырды. "Қайрат" бір гол жіберіп алғаннан кейін белсенді болған, алаңға қорғаушы Елдос Ахметовты хорват хавбегі Иво Иличевич алмастырып шықты. 75-ші минутта Лиляй сары қағаз алып, алаңнан шығып қалды. "Скендербеу" аз құрамда ойнаса да басымдықты бермеді, 75-ші минутта хавбек Бакари Нимаганың гол салатын мүмкіндігі болған, алайда "Қайрат" голкипері Стал Покатилов орнынан табылып, допты қақпаға жібермеді. Алайда бірер сәттен кейін қақпашы қателесіп, "Скендербеу" форварды Себино Пляку 83-ші минутта екінші голды салып кетті. Ал 86-шы минутта Арзо қарсыласына соққы жасап, қызыл қағазбен алаңнан қуылғаннан кейін "Қайраттың" мүмкіндігі түгесілді.
Айта кетейік, "Қайрат" осымен екінші маусымда Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінен өте алмады. Өткен жылы алматылықтар екі кездесудің қортындысы бойынша Тель-Авивтің "Маккаби" командасынан жеңілген еді (1:1, 1:2).