Гостиницы в Алматы
2017-10-11 12:55:13 15 0

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТЛЕТТЕР МАРАФОННАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ

Қазақстандық марафоншылар Қытайдың Донггуан қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады. Бұл жайында ҚР жеңіл атлетика федерациясы хабарлады.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен құрлық біріншілігіне Дана Айдосова, Алексей Гусаров (екеуі де – Алматы), Әмір Байтуқанов (ШҚО) қатысады.

 Спортшыларды Қытайға Байтуқановтың жаттықтырушысы Михаил Сорокивский алып барады.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 26 қарашада басталады.

 

 

Пікір жазу