Гостиницы в Алматы
2017-10-13 15:59:01 47 0

МАҚПАЛ ИСАБЕКОВА ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА ӘН ШЫРҚАЙДЫ

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Ақтөбеде өтетін Қазақстан Кубогы финалының қонағы танымал эстрада әртісі Мақпал Исабекова болады.

«Қайрат» - «Атырау» ойынының үзілісінде әнші Қобыланды Батыр атындағы Орталық стадионға жиналған барлық жанкүйерлерді өзінің өнерімен қуантады.

Айта кетейік, «Қайрат-Атырау» ойыны 14-ші қазан күні 18:00-де Ақтөбенің Қобыланды Батыр атындағы орталық стадионында өтеді. Сондай-ақ ойынды «Қазспорт» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

 

 

Пікір жазу