Гостиницы в Алматы
2017-10-05 16:56:13 32 0

АҚТАУДА БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

Жыл сайын өткізілетін турнирде биыл 13 елдің 200-ге жуық боксшысы бақ сынайды.

«Бұл турнирлерден мықты-мықты боксшылар шыққан. Артымда тұрған Қанат Ислам, Серік Сапиев, Бақтияр Артаев Олимпиада чемпиондары атанған және алдыңғы уақытта да чемпиондар шығады деген сенімім мол», - деді шараға қатысқан Ермахан Ыбырайымов. Жекпе-жектер 4-5 қазанда, жартылай финал 6 қазанда, ал финал 7 қазанда «Маңғыстау-арена» спорт кешенінде өтеді. 

Еске сала кетсек, КСРО спорт шебері Шоқыр Бөлтекұлы - 1936 жылы әуесқой боксты елімізде жерінде дамыта бастаған бірінші қазақ. Ол 1916 жылы Маңғыстау облысында Жармыш кентінде дүниеге келген. Студент кезінде бокспен айналысады. 1947 жылы Мәскеуде өткен бокстан КСРО чемпионатына алғаш реті Қазақ КСР құрама командасы қатысты. Команданы Шоқыр Бөлтекұлы бастап барды.

Пікір жазу