Гостиницы в Алматы
2017-05-11 11:36:20 52 0

Көрнекті театр және кино актері, режиссер, өнер қайраткері, Қазақстан және КСРО халық артисі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына мүсін жасалды. Мүсінді ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашевтің қызы Гүлфия Тілеубердіқызы жасаған. 

Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі бүгінде "Өнер ордасы" шеберханасында қызмет етіп, кәсіби мүсін өнерінде өз қолтаңбасын қалыптастыруда аянбай еңбек етіп келеді. Бала кезінен Асанәлі Әшімовтің тәлімі мен өнегесін көріп өскен Гүлфия, Асанәлі Әшімұлының 80 жасқа толған мерейтойына ерекше сый жасағанды жөн көріпті.  Мүсінші "Режиссер Асанәлі" деп атаған композициялық жұмысын М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрына арнайы келіп, мерейтой иесіне театр ұжымының қатысуымен салтанатты түрде табыс етті. Бұл жайында tengrinews.kz хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, М.Әуезов театрында 12 мамыр күні өтетін мерейтойлық кеште Асанәлі Әшімовтің шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылып жатыр.

Пікір жазу