Гостиницы в Алматы
2017-05-31 10:29:47 200 0

Шілде айында жалауы желбірейтін «Қазақстан барысында» белдесетін балуандар белгілі болды.

«Қазақстан барысы» турнирінің іріктеу кезеңі өз мəресіне жетіп, еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан жалпы саны 34 балуан шешуші кезеңге жолдама алды. Бұл жайында alzhan.kz мәлімдеді.

Айта кететіні, былтыр "Қазақстан Барысы-2016" турнирінде Жамбыл облысының намысын қорғаған Бейбіт Ыстыбаев жеңімпаз атанып, Астана қаласынан пәтер мен 25 миллион теңгеге ие болған еді.

«Қазақстан барысы-2017»  қатысушылары тізімі:

1.Айбол Айтбек (Жамбыл облысы)

2. Абай Ерболұлы (Жамбыл облысы)

3. Дарxан Бижанов (Астана)

4. Мұрат Кентонов (Астана)

5. Ержан Шынкеев (Қарағанды облысы)

6. Асыл Барменов (Қарағанды облысы)

7. Мақсат Исақабылов (Қызылорда облысы)

8. Нұрым Сәлімгереев (Қызылорда облысы)

9. Әділет Нұрпеисов (Павлодар облысы)

10. Самир Мамедов (Павлодар облысы)

11. Айбек Нұғымаров (Шығыс Қазақстан облысы)

12. Мұxит Тұрсынов (Шығыс Қазақстан облысы)

13. Ерлан Омаров (Қостанай облысы)

14. Абылайxан Қасымxан (Қостанай облысы)

15. Ерназар Хамзин (Батыс Қазақстан облысы)

16. Темірлан Көлбай (Батыс Қазақстан облысы)

17. Бекбол Нұрланұлы (Ақмола облысы)

18. Дәулет Әшірxанов (Ақмола облысы)

19. Кенжебек Күзембаев (Атырау облысы)

20. Арман Қалиев (Атырау облысы)

21. Александр Касачев (Алматы облысы)

22. Ұлан Рысқұл (Алматы облысы)

23. Еламан Ерғалиев («Әскер Барысы — 2017» турнирінің жеңімпазы)

24. Олжас Шынкеев («Әскер Барысы — 2017» турнирінде 2-орын)

25. Шыңғыс Шоқпытов (Ақтөбе облысы)

26. Нұрбек Досмағанбетов (Ақтөбе облысы)

27. Руслан Әбдіразақов (Алматы қаласы)

28. Дәурен Нұралинов (Алматы қаласы)

29. Алтынбек Аусағитов (Солтүстік Қазақстан облысы)

30. Ғизат Қалықов (Солтүстік Қазақстан облысы)

31. Әділжан Ыстыбаев (ОҚО)

32. Жолдасбек Бектұрсынов (ОҚО)

33. Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы)

34. Мейрамбек Жаңабай (Маңғыстау облысы)

Естеріңізге сала кетейік, финалдық кездесулер «Барыс Аренада» өтеді.

Пікір жазу