Гостиницы в Алматы
2018-01-08 17:21:34 17 0

САҒАДАТ РАҚМАНҚҰЛОВ АҚПАНДА ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕДІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сағадат Рақманқұлов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 16 ақпан күні АҚШ-та өткізетін болды. Бұл жайында prosports.kz хабарлады.

24 жастағы боксшының айтуынша, жекпе-жек Невада штатындағы Рено қаласында өтеді. Отандасымыз қай салмақта және оның қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз болып тұр.

Айта кетейік, Рақманқұлов былтыр күзде Окснард қаласына (Калифорния штаты) барып, Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов және Асхат Уалиханов секілді боксшылармен бірге жаттығу жұмыстарын өткізді. 

Пікір жазу