Гостиницы в Алматы
2017-10-11 15:25:52 27 0

САНЖАР ӘДІЛОВ ММА-ДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫ АТАНДЫ

Санжар Әділов 5-ші ММА-дан әлем чемпионатының ең үздік спортшысы атанды. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.

«Сүйінші, Қазақ Елі! Біздің тарланымыз Санжар Әділов 5-ші ММА-дан әлем чемпионатының ең үздік спортшы!», - деп жазды «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Айдар Махметов өз фейсбук парақшасында.

Елордада өтіп жатқан байрақты бәсекеде 56,7 келі салмақ санатында әлем чемпионы атанған отандасымыз Санжар Әділовті ММА Бүкіләлемдік қауымдастығы 5-ші чемпионаттың үздік спортшысы деп таныған. «Үздік боксшыға дауыс беру чемпионат тарихында алғаш рет өткізіліп отыр. Қатысушы елдердің ұлттық федерацияларының президенттері үздік спортшыға дауыстарын берді. Дауыстардың басым бөлігін біздің Санжар иеленді», - деді Айдар Махметов.

 

Пікір жазу