Ең тартысты спорттық жарыстардың бірі – аралас жекпе жектен M-1 Challenge 76 халықаралық турнирі 22 сәуір Назрани (Ингушетия) қаласында өтеді. Аталмыш халықаралық аралас жекпе жекте ел намысын аралас жекпе жектер бойынша Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, аралас жекпе жек бойынша әлем біріншілігінің вице-чемпионы Сергей Морозов қорғайтын болады.
Талантты спортшының жанкүйерлері қарағандылық рэп-орындаушылар Әкежан Лұқпанов пен Антон Зенин спортшыны қолдап, ән жазып, бейнебаян түсірді. Ондағы мақсаттары – қазақстандықтарды отандасымызға жанкүйер болуға шақыру.
«Барлығы ойламаған жерден болды. Досым Әкежан Сергейдің мықты жігіт екенін, керемет күресетінін айтты. Осылайша біз өз спортшымызды қолдап, бейнебаян түсіруге бел будық. Бұл – қанаттандыратын ән. Онда тек спортшымызға деген қолдауымыз ғана емес, Отанымыз – Қазақстанға деген ыстық ықыласымызды жеткіздік», - деді «B.u.ll.d.o.G» деген лақап атты рэпер Антон.
Халықаралық турнирде қазақстандық спортшының қарсыласы бразилиялық чемпион Фабрицио Сарраф болмақ. Сергей Морозов турнирге дайындықтың негізгі кезеңін аяқтады. Қазіргі таңда ол тәжірибелі бапкерлерімен туған қаласы Ақтөбеде жаттығуда.
Айта кетейік, M-1 Challenge – 2008 жылдан бастап өткізіле бастаған аралас жекпе жектер бойынша турнирлердің тұтас топтамасы. Содан бері әлемнің түрлі елдерінде 75 турнир өтіп үлгерді. 2010 жылы командалық жарыстан алшақтап, чемпиондар белдігін бес салмақ дәрежесінде ойнату туралы шешім қабылданды.
Халықаралық аралас жекпе жекті қазақстандықтар «Еуразия бірінші» арнасынан 22 сәуір күні 23:00-де тамашалай алады.