Гостиницы в Алматы
2017-10-09 15:38:12 34 0

УФАДА ӨТКЕН ТУРНИРДЕ АТЫРАУЛЫҚ КИКБОКСШЫЛАР ҚАРСЫЛАС ШАҚ КЕЛТІРМЕДІ

5-8 қазан аралығында Ресейдің Уфа қаласында кикбоксингтен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елена Логункова атындағы турнир өтті.  Аталмыш турнирге Данияр Юсупов бастаған Атырау облысының кикбоксшылары қатысты.  Қазақстандық 5 спортшы Уфа шаршы алаңында сынға түсіп, 5-еуі де жүлделі орындардан көріне білген. Атап айтқанда, 4 алтын және 1 күміс еншімізде.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы Абзал Дүсіпов пен қатар Сәлімгерей Жанәлі, Назарбеков Жандос және Сәлімгерей Сәлімжан алтын медаль иегерлері атанған. Ал, Құсайнов Сержан финалға дейін жетіп, күміс жүлде иемденді.

Пікір жазу