Гостиницы в Алматы
2017-10-09 15:51:02 63 0

АЛМАТЫ АРЕНАДА «АРЛАНДАР САЙЫСЫ» АТТЫ АШЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ

«Алматы арена» стадионында 14-ші қазан күні  қазақ күресі

бойынша студент-жастар арасында алғаш рет «Арландар сайысы»

Республикалық ашық турнирі өтеді.

Турнирге Астана, Алматы қалалары мен 14 облыстан 96 күрескер

қатысады. Ашық турнир ережесіне сәйкесарландар сайысына18 бен 29 жас

аралығындағы ЖОО студенттері және спорт клубтарының жас

спортшыларының қатысуына рұқсат етілген.

Спортшылар олимпиада жүйесі бойынша үш салмақ категориясында

(-60 кг., -74 кг., +90 кг.) күреседі. Әр салмақ категориясының жеңімпаздары

мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтар, медальдар және грамоталармен

марапатталады. Сонымен қатар, - 60 кг салмағындағы спортшыларды көтеру

және қолдау мақсатында жеңімпазға жеңіл автокөлік сыйға тартылмақ.

Сондай-ақ шара барысында,  ұлттық намыс пен

жігерді оятатын рухты әндерімен көпшілікке кеңінен танымал «Серілер»,

«Алашұлы» топтары және Қажымұрат Шешенқұл сынды әншілер өнер

көрсетеді.

Пікір жазу