Гостиницы в Алматы
2017-10-31 17:38:42 18 0

Қараша айының 4-5 аралығында  Алматы Арена стадионында Қазақстанда алғаш рет «Метеор» атты жүгіру жобасы іске қосылады.  Жеңіл атлетикадан өткізілетін жарыс әуесқойларға 400 м, 800 м, 1500 м немесе 3000 м қашықтықтарда және 4-те 400 эстафетасында немесе аралас командалар құрамындағы «Швед Эстафетасында» бақ сынасуға мүмкіндік береді. Бұл жайында prosports.kz хабарлады.

«Метеор» спорттық шарасының негізгі мақсаты  қала тұрғындарын негізгі жүгіру түрлерімен шұғылдануды насихаттау, осы спорт түріне қызықтыру, сондай-ақ, әуесқойлардың жүгіруден шеберліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

Жарысқа 14 жастан жоғары жүгіру әуесқойлары қатыса алады. Олар жеке және командалық эстафеталарда  жарыс жолына шығады. «Метеор» қысқа және орташа қашықтықтарда кәсіби жүгіруден спорттық дайындығыңызды сынауға мүмкіндік береді. Аталмыш шара Алматы қаласының жеңіл атлетка Федерациясы, «Экстремальная атлетика» қоғамдық бірлестігі мен Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Айта кететіні, жарысқа қатысу үшін www.runmeteor.kz сайтында электронды түрде тіркелу қажет.

 

 

Пікір жазу