Гостиницы в Алматы
2017-12-14 11:04:44 37 0

АЛМАТЫДА ТҮСІРІЛГЕН «ТУҒАН ҮЙІМ — ТІРЕГІМ» АТТЫ ҮНДІ ФИЛЬМІ ПРОКАТҚА ШЫҒАДЫ

Биылғы жылдың  14-ші желтоқсанында яғни бүгін  Болливудтың «Khushi Motion Pictures» кинокомпаниясы, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қатысуымен түсірілген «Туған үйім- тірегім» («Love you family») атты үнді фильмі ұлттық прокатқа шығады. Бұл жайында baq.kz мәлімдеді.

Аталған кинотуынды Хуши Девани атты үнді қызының тағдыры туралы баяндайды. Сүйіп қосылған күйеуінен қорлық көрген ол, Алматыға келіп, жұмысқа орналасып, биіктерден көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Болливудтың «Khushi Motion Pictures» атты компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Бірлескен өндіріс жөніндегі келісім бойынша, екі жақ «Love you family» толықметражды көркем фильмінің дистрибуциясы саласында қызмет етуге міндеттелген.

Фильмге үндінің танымал актерлері - Пардасани Акша Сунил, Джоши Маной Наванет, Салман Юсуф Кхан, Шакти Капур, Навни Парихар түскен. Бұл картинада қазақстандық танымал актер Фархат Абдрайымов та бой көрсетеді.

Пікір жазу