Гостиницы в Алматы
2017-12-12 15:12:14 135 0

ЕУРОПА ТАМСАНҒАН «ҚЫЗ ЖІБЕКТІ» АСТАНА ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ТАМАШАЛАЙ АЛАДЫ

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Astana Musical» театры «Ұлы Дала театры» атауымен «Қыз Жібек»  этно-фольклорлық мюзиклін 16-17 желтоқсан Астана жұртшылығының назарына ұсынбақшы.

Еуропалықтарды тәнті еткен мюзикл 16-17 желтоқсан күндері Астана қаласында қойылып, Тәуелсіздік мерекесіне орай Елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше тарту болмақ. Спектакль «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының концерт залында өтеді.

 

Айта кетейік, «Қыз Жібек» қойылымын  Париждегі әйгілі «Le Trianon» театрында «Astana Musical» театрының этно-фольклорлық мюзиклі қойып, Франция төрінен марапатпен оралған болатын.

Пікір жазу