Гостиницы в Алматы
2017-01-03 14:53:01 104 0

Әлеуметтік желілердегі вайнерлер 2017 жылдан бастап алатаяқсыз жүретін жол потрульдік полиция қызметкерлеріне пародия жасады.

"Kartop.TV" парақшасының қатысушалары көлік қозғалысын қолмен реттеудің түсінісіздігін әжуаға айналдырып, ролик жариялады.

Ал "Territima" жобасының қатысушылары алатаяқсыз жүрген жол полициясы қызметкерлерін такси ұстап тұрған жолаушыларға теңеді.

2017 жыл, 1 қаңтардан бастап еліміздегі жол-патрульдік полиция қызметкерлері толығымен автопатрульге ауысты. Бұдан былай көшеде ережені бұзған көлік жүргізушілерін алатаяқпен тоқтатуға рұқсат жоқ. Қала сыртындағы бекеттерде машинаны тоқтатуға болады. Алайда соның өзінде полиция қызметкері қолмен белгі беруі тиіс.

Не радуйтесь водители😂🚓 отмечай друзей, гаишников👮 и улыбайся😅✅

Видео опубликовано Тэррибл | ТанцВайнеРэпер😂 (@territima)

Пікір жазу