Гостиницы в Алматы
2015-01-08 22:35:19 5326 1

Өнер жұлдыздарының биылғы қысқы демалысы өзгеше болды. Жұлдыздарымыздың қысқы демалысы әлі жалғасын табуда. Алдында жаңа жылды шет елде қарсы алған тұлғаларымыз жайлы жазған болатынбыз. Енді қысқы демалыста жүрген жұлдыздарымыздың тағы да бір тобын ұсынып отырмыз.

Әнші әрі соңғы кезде продюсерлікпен айналысып жүрген Сиви Махмуди сүйікті жары және баласымен Дубайда жаңа жылды қарсы алып, қазір демалысы жалғасуда. Cиви күніге Instagram парақшасына түрлі көйлектерімен түскен Дубайдағы демалысынан суреттерін жариялауда. Естеріңізде болса, Сивидің үйлену тойы Дубайда өткен болатын. Сондай-ақ, ұлы Сағадат та Дубайда дүниеге келген. Биыл міне тағы да Дубайда. "Бүгін біз үшін мейрам. Осыдан тура 3 жыл бұрын біздің Дубайлық тойымыз болған және 2 жыл бұрын үлкен ұлымыз Сағадат дүниеге келген болатын",- деп жазды әнші парақшасында.

Дубай - Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең үлкен қала, әкімшілік орталығы. Бар-Дубай – оңтүстік бөлігінде әр түрлі компаниялар мен банктер және басқа да мекемелердің басқару іскери кеңселері орналасқан. Туристтер үшін ең қызықтысы сауда орталығы, жануарлар саябағы және теңіз жағалауындағы Аль-Джумейра саябағы болып табылады. Дейра – солтүстік бөлігі – бұл бизнес пен туризмнің орталығы. Мұнда көптеген дүкендер, базарлар, мектептер, қонақүйлер, клубтар және халықаралық Дубай әуежайы бар. Бұл екі бөлік Аль-Хор шығанағымен өтетін Аль-Мактум және Аль-Гархуд көпірімен, сонымен қатар Аль-Шандага үңгіртауымен байланысқан. Джебель Али ауданы бүкіл ел үшін өндірістік және сауда-саттық аймағы болып есептеледі. Бұл жалпы Парсы шығанағындағы ең ірі тәуелсіз экономикалық аймақ. Парсы шығанағының жағалауында орналасқан Дубай Таяу Шығыстағы басты саяхат орталығы болып табылады. Жыл бойы ашық күн, ертегідей жағажайлар, демалыс үшін мүмкіндіктің молдығы, спортпен шұғылдану – мұның бәрі демалысыңызды Дубайда өткізуге қолайлы жағдай жасайды. Көптеген саяхатшылар мұнда атақты Дубай сауда орталықтарын, көз алмастыруға мүмкін емес тастар мен металлдарға толы Алтын базарды, Джумейра мешітін, Сайд патшасының сарайын тамашалау үшін және қаланы екі бөлікке бөлетін арналан дәстүрлі “доу” кемесімен немесе “арба” таксиімен аралау, сонымен қатар,  түнгі клуб, дискотека секілді Дубайдың түнгі өмірін көру үшін ат терлетіп келеді.

 

 

 

http://instagram.com/p/xccOraJYiN/

http://instagram.com/p/xjsnS_JYmS/

 

"Арнау" тобының әншісі, актриса Салтанат Бақаева  мен жары, тележүргізуші, актриса Аша Матай, "Мистерионс" тобының әншісі Арман Қоңыр бүгін демалуға Тайландқа аттанды. Қазір Тайландта, тіпті алғашқы суреттерін де жариялап үлгерді. Тайландтың Паттайя қаласында демалуда.  

ТайландОңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Тайланд – жұмбақ Сиам, мыңдаған ғибадатханалар мен мыңдаған күлімдеулердің шахары және барлық континенттерден келетін миллиондаған туристтердің әйгілі демалыс орны. Тайланд жағалауларында көптеген курорттар орналасқан Үнді және Тынық мұхиттының суларымен шекараласқан, ол территориясының көлемділігі жағынан қазіргі Францияға тең. Елдің солтүстігінде жасыл таулы алқаптар орналасқан. Тайланд Оңтүстік-Шығыс Азияның дамыған және тартымды мемкеттерінің бірі ретінде әйгілі. Тауар мен қызметтің төмен бағасымен үйлескен жоғары экономикалық деңгей. Мұнда тамаша курорттар, қонақ үйлер, дәмді тағамдарға бай тайлық асхана және жергілікті салт-дәстүр, барлығы да адамды қызықтырады және тартады. Бұл мемлекеттің тұрғындарының ақ көңілділік білдіруі, ғибадатханаларының әсемделген сәулеті, ұшы-қиырсыз жағалаулары, шуақты күндердің басым көп болуы, ауа температурасының бір жыл көлемінде тұрақты болуы, Тайландты шайып өтетін теңіздердің жылы сулары және экваторға жақын орналасқан бұл мемлекеттің ыстық тропикалық климаты негізгі ерекшелігі болып саналады. Бұл мемлекетте әсемдігі шексіз биік таулар, таза өзендер, арасында жүре алмайтын джунглилер, экзотикалық жануарлар мен өсімдіктер бар. Күні жыл сайын алтын жағалаулармен жиектелген Сиам шығанағын аймалайтын, шіркеулерінің көркем өрнектелген төбелері түпсіз терең аспанмен ұштасатын, орхидеялар мен жарқырап тұрған сапфирлер елі.

Паттайя  - Бангкоктен мыңжырам шақырым қашықтықта орналасқан қала. Бүгін Паттая Тайландтың бай тұрғындарының сүйікті орны бола отырып, «Азиялық Ривьера» деп саналады. Қала доға пішінді болып иілген жағалауда орналасқан. Демалуға келген туристтерді су бетіндегі әртүрлі демалыс түрлері кетіп тұр. Олар: малтау, су шаңғылары, скутерлерді жүргізу, балық аулау, виндсерфинг, катердің артқы жағында парашютпен ұшу, ал арал жағалауларында су астында жүзуге арналған барлық жағдайлар жасалған. Қалада тамаша қонақ үйлер және толық қанды демалуға қажет ғимараттар салынған.

Күн, мұхит, пальмалар, коралл аралдарындағы алтын құм, түнгі қалада шексіз көңіл көтеру, - барлығы жыл бойына созылады. Паттаядағы өмір бір сәтте тоқталар емес. Мұнда күнделікті кешкісін қала көшелерінде көңіл көтеру басталады. Көптеген барлар, дискотекалар, талғамға сай ресторандар, шоулар, кегельбандар, тирлар, садақпен атуға арналған алаңдар, теннис корттары, сауда қатарлары, дүкендер мен ашық дүкендердің сансыз қатары, әртүрлі экскурсиялар мен көңілді бағдарламалар – барлығын атап бістпеспіз. Тайландтың дәстүрлі және барлық әлемге әйгілі тайлық бокс шыныменде қызықты көрініс. Көптеген барларда әр кеш сайын күрестер ұйымдастырылады. Кеш батысымен-ақ қала бір үлкен ойын – сауық, демалыс орталығына айналады

http://instagram.com/p/xlVrF4J3Aj/

http://instagram.com/p/xlWCydp3BB/

http://instagram.com/p/xl1CGLp3M7/

http://instagram.com/p/xkGW8LrMb8/

 

Cондай-ақ, "Қызыл өрік" атты хит әннің орындаушы Ақылбек Жеменей де қысқы демалысқа аттанды. Әнші демалысын Үндістанда өткізуді жөн көрді. Instagram парақшасында әнші демалысынан суреттерімен бөлісуде.

Үндістан - Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол терең тамырлы филасофияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Турисстер нағыз баға жетпес орын.

 

http://instagram.com/p/xlkKcgQRHU/

 

http://instagram.com/p/xlTRGSQRIt/

http://instagram.com/p/xlOhsjQREE/

 

Өз кезегінде  "Dauis International" тобының әншісі болған Әсел Садуақасова мен Рано Умарова сынды арулар да құр қалмады. Екеуіде демалыстарын Біріккен Араб Әмірлігінде өткізуде. Әсел Садуақасова өзімен бірге анасына да Дубайға алып кетіп, жаңа жылды сол жақта қарсы алды. Бұл жөнінде Әсел Instagram парақшасында жариялап, суреттерімен бөлісті. "Анаммен бірге демалуға келдік. Алғаш рет жаңа жылды шет елде қарсы аламын",-деп жазды. Рано да Дубайдың көрікті жерлерінде түскен суреттерімен бөлісті. 

 

http://instagram.com/p/xO6UhQvT-i/

http://instagram.com/p/xb5NPyPT5B/

 

 

 

 

Ал "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев ата-анасымен және өзінің отбасымен демалысын Тайландта өткізуді жөн көріпті. Демалыс күндері әлі жалғасын табуда. Сондай-ақ, демалысты тек отбасымен емес, Ресей және Тайландтағы достарымен де кездесіп, қызықты етіп өткізіп жатқан көрінеді. Парақшасында күнделікті демалыс кезіндегі қызықты сәттеріндегі суреттерімен бөлісіп отыр.

 

http://instagram.com/p/xe0UsrjOXO/

http://instagram.com/p/xiodHcDOUD/

http://instagram.com/p/xjzrXRDOb6/

http://instagram.com/p/xl1NUiDOcf/

 

"Нұр-Мұқасан" тобының әншісі Мұқасан Шахзадаева та отбасымен  қысқы демалысын Біріккен Араб Әмірлігінде өткізді. Яғни, Дубайда 1 апталық демалыста болды. Демалыс әсіресе үш ұлы үшін қызыққа толы болған көрінеді. Әнші осыдан бір апта бұрын Дубайға аттанған болатын. Бүгін отбасылық демалысының соңғы күні. Бұл жөнінде әнші парақшасында жариялады. "Бүгін Аллаһ қаласа елде боламыз",-деп жазба жазды. 

http://instagram.com/p/xRARVXFQL9/

http://instagram.com/p/xYfPOUlQIJ/

http://instagram.com/p/xZijaMlQEk/

 

Ал көпшілікке "Jado" есімімен танымал, қазақтың ою-өрнегін насихаттаушы дизайнер Жадыра Сахиева демалысын Малайзияда өткізуде. Дизайнер Instagram әлеуметтік желісінде суреттерін жариялады. 

http://instagram.com/p/xeH94pzWlb/

http://instagram.com/p/xljl6vzWga/

http://instagram.com/p/xi1fJxzWmc/

 

Міне жұлдыздарымыздың қысқы демалысы осылайша жалғасын табуда.

Пікірлер

  • Мадина
    Басқасы басқа, ата-анасымен демалып жатқан Нұрлан Қоянбаевқа ризамын! және Светлаков, Слепаков, Галустян сияқтылармен бірге! басқанікі понтибай, Нұрлан красавчик екен!!!

Пікір жазу