Гостиницы в Алматы
2014-11-10 20:15:07 659 0

Қарашаның 11-13 аралығында Миланда VI Ресей сән көрмесі өтеді. Көрменің негізгі мақсаты Ресей және бұрынғы ТМД елдерінің  Италиямен сән индустриясы тұрғысында ортақ келіссөздер өткізіп, тәжірибе алмасу. Аталмыш шараға Ресей, Қазақстан, Украина, Грузия және Армениядан сәнгерлер қатысады. Биыл Қазақстанның атынан Айнұр Тұрысбек пен Леонид Жеребцов барғалы отыр. Үш күндік шараның бағдарламасында  сәнгерлер өз топтамаларын Миландық шоу-румда көрсетулері керек. Оған қоса көрмеге қатысушыларды:  іскерлік кездесулер, семинарлар, италиандық мата өндірушілермен келіссөздер, байерлермен сұхбаттар, сондай-ақ халықаралық тілшілермен конференциялар күтіп тұр.

 Айнұр Тұрысбектін Милан көрмесінде ұсынатын көктем-жаз/2015 топтамасы

Леонид Жеребцовтың көктем-жаз/2015 топтамасы

Пікір жазу