Гостиницы в Алматы
2017-07-18 10:39:57 83 0

Қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) алдағы жекпе-жегіне орай промороликтерге түсіп жатыр. Бұл жайында vesti.kz мәлімдеді. Түсірілімдердің екінші күніндегі жекпе-жегі видеоға енеді. Олармен бірге белгілі америкалық Томас Хернс (61-5-1, 48 КО) пен панамалық Роберто Дюран (103-16, 70 КО) түсті. 

Головкин-Альварес жекпе-жегіне арналған проморолик 1930-жылдардағы мексикалық стильде болады. Алайда роликтің қашан шығатыны айтылмады. Түсірілімдердің кадрлары Los Angeles Times шолушысы Лэнс Пагмайер мен Дюранның өзінің твиттер-аккаунттарында жарияланды.

 

Пікір жазу