Гостиницы в Алматы
2016-04-06 12:27:44 1414 2

Қайрат Нұртас көпшілікке "Жаным-жаным" деп аталатын жаңа әнін ұсынды. Ән шыға салысымен көпшілік бұл үнді фильмінің саундтрегі екенін бірден таныды.

Басты рөлде Шакрух Кхан ойнайтын "Ғашықтар" деп аталатын фильмге орындалған саундтректі түпнұсқада Ариджит Сингх орындайды.

Қайрат бұл әнді ұрлап алды ма, әлде сатып алды ма, осы мәселе бойынша директорына хабарласқанымызда, ол бұл әннің кавер нұсқа екенін айтты. "Қайраттың әндері Youtube және Itunes-ке жүктеліп жатыр, барлық кезде үнді композиторының атын жазып жүрміз. Осы қосымшалар арқылы түскен қаржы үнді композиторының атына аударылып отырады" - деді Қайраттың директоры Лаура.

Пікірлер

  • Асем
    Бул əнді Кайраттан бурын əнші Ардак Алекешев Ал гулім деп орындап жур
  • қуаныш
    Кайрат аға бул анди керемет айткан хинд аншисине карағанда

Пікір жазу