Жаңалықтар

Айдын Айымбетов Жерге оралды

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Жерге оралды — бүгін таңғы сағат 06.51-де капсула Қарағанды облысына қонды.

Экипаж құрамында Геннадий Падалки (Ресей), Андреас Могенсен (Дания) және қазақстандық Айдын Айымбетов бар ғарыш кемесі Жезқазған қаласының шығысынан 146 шақырым жерге қонды.

Ғарышкерлер капсуладан шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың қан қысымдары жақсы. Ғарышкерлер шәй ішіп, апорттан дәм татты. «Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Жоспарланған тәжірибелердің барлығын орындадым. Тағы бір рет ұшуға дайынмын», — деді қазақстандық ғарышкер тілшілерге.

2681539 19.08.2015 Участники основного экипажа 45/46-й длительной экспедиции на МКС и 18-й экспедиции посещения МКС: космонавт Республики Казахстан Айдын Аимбетов, космонавт Роскосмоса Сергей Волков и астронавт ЕКА Андреас Могенсен (слева направо) во время примерки скафандров и осмотра космического корабля в монтажно-испытательном корпусе площадки 254 космодрома Байконур. Стрингер/РИА Новости

Айдын Айымбетовты Жерде туыстары қарсы алды. Айта кетейік, бірнеше сағаттан кейін ғарышкерді Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды, сондықтан да ол Астанаға кетеді. Ал бірнеше күннен кейін Қарағандыда ғарышкерлердің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтуі мүмкін.

b1fd38cc92c2f1e9a21d2d802e9a8bb7

Еске сала кетейік, 2 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ФГ» тасымалдаушы зымыраны ғарышқа ұшты. 4 қыркүйекте «Союз» ХҒС-мен автоматты режимде түйісті. Айдын Айымбетов ғарыштағы әсерімен Twitter арқылы бөлісіп отырды. Ол оқырмандарына видео мен суреттер жолдады.

Ақпарат: Tengrinews.kz

Пікір жазыңыз
Жаңалықтар
455 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

941ce7fcc7f8ece26ea2bada16795ba9

Мемлекет басшысы «Қазақ елі» монументі алдындағы этноауылда болды

178 рет оқылды12.09.2015
e9aa80bc3420f965caf68dc3eca18534

Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

121 рет оқылды12.09.2015
20150912131800

Елбасы ғарышкер Айдын Айымбетовті Астана әуежайында қарсы алды

392 рет оқылды12.09.2015
69c13f6b6c43e04ea902ae696566c4c2

Дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Австралия құрамасын жеңді

170 рет оқылды30.08.2015
e7ad9c73a9cd28c362ee62ddceee9c39

Максим Раков екінші кездесуінде жеңілді

125 рет оқылды29.08.2015
Безымянный-2

Жанар Дұғалова мен Кәмшат Жолдыбаева Баян Есентаевадан кеттi ме?

1 471 рет оқылды26.08.2015