Жаңалықтар

Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты.

Іс-шараға Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев, Қырғыз  Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев, Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикері Исмет Йылмаз, Түрікменстан Үкіметінің вице-премьері Сапардұрды Тойлиев, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, спорт, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Салтанатты жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу – халқымыздың даңқты шежіресіне тағзым және қазіргі ұрпақ үшін тарихтан тағылым алу екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі ұрпағы ел мәртебесін бұрын-соңды болмаған биікке көтеріп, ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманын жүзеге асырғанын айтты.

Қазақстан Президенті сондай-ақ 2 мың жылдан астам тарихы бар ежелгі Таразда бір айдан кейін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент салтанатты түрде ашылатынын мәлімдеді.

Қасиетті жеріміздің тарихы бірнеше мыңдаған жылдарға жалғасатынын есте ұстай отырып, бабалардың ерлік істеріне тағзым етеміз. Ол өзінің бірегей өрнегімен Еуразияның бұрынғы және қазіргі өркениеттерімен біте қабысып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның жаһан жұртшылығына танымалдығын арттыра түсу үшін өткен тарихымыз бен келешек жолымызды саралаудың маңыздылығына назар аударды.

Әлемде кейбір халықтың ресми мемлекеттік атауымен қатар айрықша бейресми ұғымды қолдануының мысалы көп. Біздің киелі жерімізді ежелден Ұлы Дала, ал бізді Ұлы Дала перзенттері деп атаған, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Отанымыздың халықтық атауы оның өткенін, қазіргісі мен болашағын бейнелейтінін атап көрсетті.

Онда Қазақстанымыздың болмысы, оның негізгі қырлары көрініс тапқан.  Бұл – ақжарқындығымыз бен кең пейіліміз, жүрегіміздің жылылығы, қонақжайлық пен бейбітсүйгіштік, даналық пен байыптылық, еңбекқорлық пен жігерлілік. Бұл – өз күшімізге және туған мекенімізде бұған дейін болмаған өркендеуге қол жеткізу мүмкіндігіне деген сенім. Жаңа Қазақстанымыздың осы бейнесі әрбір қазақстандықтың санасы мен жүрегіне орнығып, бүкіл әлемге мойындалатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

9df16bd8cb1b59a39b7994ec0870e003

da52f3eba36529744d8b01118cec048d

e9aa80bc3420f965caf68dc3eca18534

www.akorda.kz

 

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

941ce7fcc7f8ece26ea2bada16795ba9

Мемлекет басшысы «Қазақ елі» монументі алдындағы этноауылда болды

178 рет оқылды12.09.2015
20150912131800

Елбасы ғарышкер Айдын Айымбетовті Астана әуежайында қарсы алды

393 рет оқылды12.09.2015
photo_20562

Айдын Айымбетов Жерге оралды

455 рет оқылды12.09.2015
69c13f6b6c43e04ea902ae696566c4c2

Дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Австралия құрамасын жеңді

170 рет оқылды30.08.2015
e7ad9c73a9cd28c362ee62ddceee9c39

Максим Раков екінші кездесуінде жеңілді

125 рет оқылды29.08.2015
Безымянный-2

Жанар Дұғалова мен Кәмшат Жолдыбаева Баян Есентаевадан кеттi ме?

1 471 рет оқылды26.08.2015