Гостиницы в Алматы
2017-01-09 16:00:48 1430 0

Димаш Құдайберген Қытайдың Hunan TV арнасында өнер көрсетеді

Қытай Халық Республикасының орталық арнасы Hunan TV  жақында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновты көрермендеріне таныстырды. Бұл туралы әншінің досы Алпамыс Шәрімов өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Сонымен, бүгін Қытай елінің Ең беделді орталық телеарнасы Hunan TV 2 млрд xалыққа жаңа қазақ әншісін таныстырды! "I am singer" (Мен әншімін) деп аталатын байқаудың биыл 5-ші маусымы. Қытайдың, тіпті, алыс-жақын шет елдің "сен тұр мен атайын" әншілері, танымал жұлдыздары, күллі әлем стадион мен ареналарды жинап жүрген 6 әншісіне қарсы біздің Димаш бағын сынап, бәйгеге түседі. Бұл жас әншілердің жарысы емес, Димашқа қарсы "Қытайдың Роза Рымбаевасы, Алла Пугачевалары (сіздерге түсінікті болу үшін жазғаным)" қарсы шықпақ. Біздің бала ең жасы", - деп жазады Алпамыс Шәрімов.

Оның айтуынша, Димаш Құдайберген осы жарыс үшін стилін, имиджін өзгертен екен.

"Бұл бұрынғы байқаулардан мүлдем бөлек. Ақтық сынға дейін жету үшін, Сіздерге беймәлім, үлкен еңбек, үлкен дайындық болды. 2 млрд xалыққа Димашты, Димаш арқылы Қазақты танытатын үлкен мүмкіндік. Стиль, имидж, бағыт-бағдар бәрі жаңадан! 2017 жылдан бастап Димаш жаңа қадамға, әлемге қазақ атын таныту баспалдағына қадам басты", - деп жазады А.Шәрімов.

Сонымен, бүгін Қытай елінің Ең беделді орталық телеарнасы Hunan TV 2 млрд xалыққа жаңа қазақ әншісін таныстырды! "I am singer" (Мен әншімін) деп аталатын байқаудың биыл 5-ші маусымы. Қытайдың, тіпті, алыс-жақын шет елдің "сен тұр мен атайын" әншілері, танымал жұлдыздары, күллі әлем стадион мен ареналарды жинап жүрген 6 әншісіне қарсы біздің Димаш @kudaibergenov.dimash бағын сынап, бәйгеге түседі. Бұл жас әншілердің жарысы емес, Димашқа қарсы "Қытайдың Роза Рымбаевасы, Алла Пугачевалары (сіздерге түсінікті болу үшін жазғаным)" қарсы шықпақ. Біздің бала ең жасы. Бұл бұрынғы байқаулардан мүлдем бөлек. Ақтық сынға дейін жету үшін, Сіздерге беймәлім, үлкен еңбек, үлкен дайындық болды. 2 млрд xалыққа Димашты, Димаш арқылы Қазақты танытатын үлкен мүмкіндік. Стиль, имидж, бағыт-бағдар бәрі жаңадан! 2017 жылдан бастап Димаш жаңа қадамға, әлемге қазақ атын таныту баспалдағына қадам басты. Бүгін біз Қытайдың шоу бизнесі шоғырланған, климат жағынан ең оңтайлы Чанша қаласындамыз! Ертең байқаудың бірінші күні! Әуелі, бір Алла, одан соң жерлестеріміздің қолдауын күтеміз! Димаш үшін әр біреуіңіздің айтқан тілектеріңіз бен ниеттеріңіз өте маңызды! Сондықтан, бәйгеге шапқан ұлдарыңыз үшін "тақымдарыңызды" қысып, дұға-тілектеріңізді оқып, баталарыңызды беріп отырсаңыздар, содан асқан шабыт бар ма?! Қазақ, қолда қазақ баласын!!!! #китай #Iamsinger #China #Beijing #Changcha

Фото опубликовано Al'Sharim (@asharimov)

"Тілші" сайтына берген сұхбатында Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева Ақтөбеге Қытайдан арнайы топ келіп, Димаш жайлы фильм түсіретінін жеткізді.

«Байқауға біраз уақыт бұрын өтініш жолданды. Шара басталмайынша ол туралы ешқайда хабарламауымыз керек болды. Шарт сондай. Байқау әділ өту үшін Димаштың қасында оның жүріс-тұрысы, ішетін тамағына дейін қадағалап отырады. Қобалжимыз, әрине! Енді осы айдың ортасында Қытай телевидениесінің өкілдері келіп, баламыздың оқыған оқуы, ортасы жайлы фильм түсірмек», - дейді ол.

Пікір жазу