Гостиницы в Алматы
2017-04-19 12:22:11 60 0

Абай Бегей алдағы уақытта өтетін «Сені ұмытқан жоқпын» атты ән кешін жұбайының рухына бағыштайды. Бұл «Таңшолпан» бағдарламасындай айтылған болатын.

 

«Ән кешіне 4 айдан бері дайындалып жүрмін. «Сені ұмытқан жоқпын» деген ән жаздырған болатынмын.  Кештің атын да осылай атадық»,- дейді әнші.

Сондай-ақ бағдарлама барысында 3 қызы мен 1 ұлының бар екенін айтқан Абай Бегей олар туралы мәлімет беруден бас тартты. Мұның себебін тіл-көзден сақтау үшін деп түсіндірді.

Ал алдағы кеште Маржан Арапбаева, Нұрлан Еспан, Ақбота Керімбекова, Дана Кентай, т.б. жұлдыздар өнер көрсетеді.

«Кештің 90%-ы жаңа әндер болмақ. Және сахнаға қазақтың қара домбырасын алып шығамын. Орындайтын термелерім бар. Қалғаны құпия болып қала берсін»,- деді Абай Бегей өз сөзінде.

Пікір жазу