Гостиницы в Алматы
2017-06-29 13:09:18 141 0

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЫРШЫЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЫРШЫЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

Құрметті жыр сүйер қауым, Алматы қаласында 5-ші шілде күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ұлы Дала елі» атты Халықаралық жыршылар фестивалі өтеді. Фестивалда танымал жыршылар Берік Жүсіпов, Ақылбек Өтешов бастаған өнер майталмандары және Өзбекстан, Башқұрт, Қырғыз елінен келген өнер иелері ұлттық мұрасымен сусындатпақ. Қазақ-қырғыз өнерінің тарихи сабақтастығын жаңғыртып жүрген Роза Аманова да дүбірлі кештің құрметті қонағы болмақ. Өнер кешінде жас жыршылар да халық алдында өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш шара 5-ші шілде күні Алматы қаласының «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 16:00-де өтеді.

 

Пікір жазу