Гостиницы в Алматы
2017-08-21 17:30:52 509 0

«Қазақстанның спорты қатарынан футболды алып тастауды» ұсынған Қуат Хамитовтың өзіне көпшілік сұрақты қарша боратып, сынап тастаған болатын. Осыдан соң жекпе-жек шебері бұл тақырыпқа қайта оралды.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: “Өткендегі футбол тақырыбынан соң, неге өзің UFC немесе Bellator-да шайқаспайсың деп сұрақ қойғандарға жауап бергім келеді. Бізде жыл сайын футболды дамытуға деп 100 000 000 доллар аударылатынын жақында ғана білдім! Бірақ, осыған қарамастан мен осы күнге дейін жеңілістің ғана куәсі болып жүрмін. Нәтиже жоқ. Қазақстан футболшылары ешқашан әлем чемпионатында ойнамайды. Тіпті миллиардтап доллар бөлсең де ойнамайды біздікілер. Мұндай ақшаға ие адамдардың жеңілуге құқығы жоқ.

Өзіме келсем, спортта 15 жылдан бері келемін. Оның ішінде 6 жыл ережесіз жекпе-жекпен айналыстым. Осы уақыт ішінде әлемнің 15 елінде 25 кездесу өткіздім. Соның 20-сында жеңіске жеттім. Міне, осы уақытта мемлекет маған 500 теңге де берген емес. Бірақ, соған қарамастан мен Отанымды танытып, туымды көтеріп келемін. Жалғыз! Ал біреулер неге UFC-те күреспейсің дейді. Біз халықтан ақша алып отырған жоқпыз. Жол шығынын санамағанда тамақ пен ұшақ билетінің өзін өзіміз көтереміз. Бірақ, осылай екен деп ешкімге барып шағынып, жылап жатқан жоқпыз, бүкіл қиындықты көтеріп, күресіп келеміз”, – деп жазды.

Пікір жазу