Гостиницы в Алматы
2017-09-18 16:57:11 11 0

 

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (IBO) қазақстандық боксшы қыз Фируза шариповаға екі салмақ дәрежесінде чемпиондық атаққа таласуға рұқсат берді. Бұл туралы және болашақтағы жоспарлары туралы спортшы қыздың менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді.

Айта кетейік, отандасымыз Фируза Шарипова 26 тамыз күні жеңіл салмақтағы WIBA және WBU чемпиондық титулдары үшін өткен жарыста болгариялық Милена Колеваға қарсы жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан боксы тарихында мұндай болмаған, Фируза Шарипова - кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы атанған Қазақстандағы бірінші бұрымды спортшы және қазіргі уақытта әйелдер арасындағы Қазақстаннан шыққан жалғыз чемпион.

Пікір жазу